Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Кітапхананы пайдалану ережесі
Жұмыс тәртібі:
Сағат 9:00-ден сағат 18:00 дейін
Демалыс күндері:
сенбі, жексенбі
Санитарлық күн:
айдың соңғы жұмыс күні
Сағат 9:00-ден сағат 18:00 дейін
Демалыс күндері:
сенбі, жексенбі
Санитарлық күн:
айдың соңғы жұмыс күні
Арнайы кітапхана қорын пайдалану тәртібі
- Қорды зағип азаматтар, олардың отбасы мүшелері, арнайы мектептің оқушылары, ҚСҚ ОӨК жұмысшылары пайдалана алады.
- Кітапхана тегін қызмет көрсетеді.
- Оқырмандардың құқықтары: Оқырмандар кітаптарды уақытша пайдалануға алуға,библиографиялық анықтамалық-ақпараттық қызметті пайдалануға, кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы.
- Оқырмандардың міндеттері:
- Оқырмандар кітаптарды күтіп ұстауға, оларды бекітілген мерзімде қайтаруға (бір айдан аспайтын мерзімге);
- кітаптардың дұрыс тасымалдануын, олардың толық сақталуын қамтамасыз етуге, кітапты бүлдіргенде немесе жоғалтқанда оның толық құнын төлеуге;
- дыбысталған кітапты тапсыру кезінде әрбір кассетадағы немесе дискідегі анықталған кемшілктерді хабарлауға;
- кітаптарды өзге адамдарға бермеуге;
- магнитофонды пайдалану тәртібін қатаң сақтауға, дыбысталған кітапты тыңдау үшін ақаулы аппаратты пайдаланбауға;
- кітапханааралық абонемент бойынша алған кітаптарын уақытында және толық сақталған қалпында қайтаруға міндетті.
Бедерлі кітаптарды оқу ережесі
- Бедерлі қаріптің өшіріліп қалуын болдырмау мақсатында кітап ішіне бөгде заттарды салуғы тыйым салынады.
- Кітаптың түбін және бедерлі-таңбалықаріпті сақтау мақсатында кітапты қайырып ашуға тыйым салынады.
- Бедерлі және дәстүрлі қаріппен жазылған кітаптардың бетіне қандай да бір белгі салуға немесе сызуға тыйым салынады.
