Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Кітапханадағы ашық есік күні
2017 жылдың 17 қазанында өткен Ашық есік күніне оқытушылар бастаған Индустриялық-педагогикалық колледждің 1 курс студенттері келді.
Ашық есік күнінің мақсаты – болашақ әлеуметтік қызметкерлер болып табылатын студенттердің назарын зағип жандардың басындағы қиындықтарға аудару.
Келушілер кітапхананың жұмысымен, оның қызметімен, міндетімен, жобаларымен танысты. Оларға кітапханада жұмыс істеп тұрған көрмелер, көру мүмкіндігінен айырылған жандарға қызмет істеуге көмектесетін арнайы тифлотехникалық жабдықтар, аудиокітап қоры мен Брайль қаріпті кітаптар, кітапхананың өзі БНҚ шығарған басылымдар көрсетіліп, тифло кешені мен Даналық әліппесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды, сондай-ақ студенттер қолдан жасалған тактильді басылымдарды да тамашалады.
Студенттер күнделікті өмірге қатысты сұрақтар қойып, өткізілген экскурсия үшін алғыстарын білдірді. Әсіресе балаларды тифлотехника – баспа машинасы, Брайль принтері, «Книголюб» оқитын машинасы ерекше қызықтырды.