Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Қостанайлық жазушылардың шығармалары» кітабының аңдатпасы
Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы бұған дейін де «Радуга чувств» кітабының тұсауын кесу үшін жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылық кездесуін өткізу алаңның міндетін атқарып үлгерген болатын. Жақында оқырмандарымыз тағы да арнайы нысандағы басылымдарды оқуға дағдыланған адамдарға арналған ерекше басылыммен болатын жаңа кездесудің куәсі болмақ.
«Қостанай баспа үйі» ЖШС директоры Анатолий Тарасенконың қолдау көрсетуімен кітапхана бірлескен «Қостанайлық жазушылар – зағип оқырмандарға» жобасының аясында жаңа басылым дайындап жатыр. «Қостанайлық жазушылардың шығармалары» кітабына облысымыздың танымал прозашылары мен ақындарының еңбектері енді. Мәтіндер орыс және қазақ тілдерінде үлкейтілген қаріппен, Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен және дыбыстандырылған нұсқада басылатын болады. Материалдарды дыбыстандыруды авторлардың өздері және Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының кітапханашылары жүзеге асырды.
Ғайнижамал Бердалинова, Александра Суслова және Анатолий Тарасенко секілді Қостанай облысының танымал жазушылары мен ақындарының кітаптарының тұсаукесері оқырмандарымызды бейжай қалдырмасы анық. Олай болмауы мүмкін де емес, себебі кітап беттерінде балалық және жастық шақтың көңілді сәттері көрініс тапқан. Олардың еңбектерін оқи отырып махаббаттың бал сезімдерін қайтадан басыңнан өткізесің. Авторлар барлығын жас болып қалуға және ештеңеге моймауға, өмірдегі келеңсіздіктерге жасымауға және қандай оқиға орын алса да көңілін түсірмеуге шақырады. Кітапта жазылғанның барлығы олардың жүрегі мен жанынан шыққан дүниелер.
Кітаптың тұсаукесері оқырмандардың қызығушылығын тудырып, көптеген тілектер мен пікірлер тудырады деп сенеміз.