Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Кітапхана қызметкерлерін аттестаттау
2019 жылдың 28 наурызында «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ кітапханалық қызметкерлерін кезекті аттестаттау өтті. Аттестацияның мақсаты – жұмысшының біліктілік деңгейін, атқарып отырған лауазымға сәйкес келетіндігін, кітапхана жұмысының қазіргі жағдайдағы тиімділігін анықтау. Аттестациядан өтуі тиісті 4 кітапхана маманының 4-і де аттестациядан өтті. Аттестация тестілеу және әңгімелесу түрінде өтті.

Аттестацияны өткізудің қағидалары мен шарттарына сәйкес ұсынылған материалдармен (жеке істермен, мінездемелермен) танысып шыққаннан кейін, қызметкерлермен тестілеу өткізгеннен және әңгімелескеннен (тыңдағаннан) кейін аттестациялық комиссия екі қызметкердің жоғары санатын растау, бір қызметкерге жоғары санат беру, бір қызметкерге 2-ші санат беру туралы шешім шығарды.

Жалпы алғанда аттестация жақсы кәсіби деңгейде өтті және аттестацтялық комиссия мүшелері берген ұсынымдар кітапханашылардың және жалпы кітапхананың одан ары дамуына ықпал ететін болады.