Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Қазақ соқырлар қоғамындағы Наурыз мейрамы

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы қалыптасқан игі дәстүр бойынша Қазақ соқырлар қоғамында Наурыз мейрамын өткізді. Биыл да жылдағы дәстүрінен айнымаған кітапхана 2019 жылдың 19 наурызы күні тыңдармандар үшін «Наурыз – жыл басы» тақырыптық кешін дайындады. Шара әдеттегідей қазақтың шашу дәстүрімен басталды, себебі шашылып жатқан тәттіні жинап алудың өз қуанышы бар екендігі белгілі.
 

Кітапханашылар мерекенің тарихы туралы, қазақ халқының ырымдары мен дәстүрі туралы, ойындары мен әзілдері туралы, бұл күні қандай тағамдар дайындалатыны және осы күні дүниеге келген сәбилерге қандай есімдер берілетіні туралы айтып берді.



Ажар Шәкіржанова қазақтың сәбиді «Бесікке салу» салтын көрсетті. Әртістің айтуы бойынша «Бесікке салу» салты маңызды және құрметті салттардың бірі болып табылады. Сәбиді бесікке салу үшін қонақтар шақырылып, мерекелік дастарқан жайылады, сол себепті кейде бұл салтты «Бесік той» деп те атайды. Дәстүр бойынша «Бесікті» сәбидің нағашылары дайындап, нағашы әжесі алып келеді. Сәбиді бесікке салу беделді, танымал әйелге жүктеледі. Қазақ халқының сенім бойынша алдымен «Бесікті» отпен аластап, жын-шайтаннан тазартып алады, содан кейін қызықты дәстүрлердің бірі – «Тыштырма» жасайды. Ол үшін түбекке арналған тесіктен түрлі тәттілерді, құртты, кәмпиттерді «Тышты! Тышты!» дей отырып өткізіп алады.  Бұл дәстүр дүниеге келген сәби отбасына амандық пен береке әкеледі деген сенімді білдіреді.
  
 
Аталған дәстүрді өткізгеннен кейін Ажар Шәкіржанова шараға жиналғандарға олардың отбасыларында осындай қуаныш болсын деген тілекпен тәттілер таратты. Бұл дәстүрді көрсету сәбиді «Бесікке» салумен және «Бесік жырын» орындаумен аяқталды.
 

Шараға шақырылған екінші қонақ Марғұлан Әбдібеков жиналғандарды домбырамен сүйемелдей отырып қазақ әндерін шебер орындауымен риза етті. Ажар мен Марғұлан – І. Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрының актерлері. Кейін екеуі қосылып ән айтқан кезде шараға қатысқандар да оларға қосылып ән салды.
 

Ерте кезден қазақ халқында сөздің құдіретіне деген сенім қалыптасқан. Осыдан барып "бата" беру салты қалыптасқан. Халық «жақсы сөз – жарым ырыс» деп білген. Сондықтан да қонақтардың арасында болған Оразбай аға жиналғандар бата берді.
 

Шараны аяқтау барысында кітапханашылар ерекше оқырмандардың мүддесі мен қажеттіліктерін ескере отырып безендірілген «Наурыз – жыл басы» кітап көрмесіне шолу жасады.