Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Үміт пен сенім» айлығы аясындағы ашық есік күндері
2018 жылдың 17 қазанында Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға Қостанай индустриялық-педагогикалық коллежінің 1 курс студенттері келді. Шолу түріндегі экскурсия кезінде болашақ әлеуметтік қызметкерлер кітапханада көру қабілеті төмен адамдарға қандай жағдай жасалғанын көріп білді, көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға арналған арнайы ақпараттық ресурстармен, кітапхананың жұмысымен, оның қызметімен, міндеттерімен, жобаларымен және оңтайландырылған сайтының жұмысымен танысты. Кітапханашылардың айтуы бойынша кітапхананың нашар көретін оқырмандары интернетті белсенді пайдаланады, сол себепті өздерінің дербес сайттарын жасау қажет болды. Заман талабына сай жұмыс істеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау – қазіргі кездегі кітапханалардың басты міндеттерінің бірі. Арнайы кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі Брайль қарпімен өздерінің басылымдарын («Облыс тынысы», «Жан дауа» және алдағы аптаға арналған «ТД бағдарламасы») шығару болып табылады.
Ашық есік күндеріне арналып 4 бөлімнен: «Алты нүктенің кереметі», «Жанарыңды сақта», «Қуаныш сыйлар кітап» және «Біздің басылымдар» тұратын көрме дайындалды. Бұдан кейін кітапхана қызметкерлері келгендерге көруі қиын оқырмандарға қызмет көрсетуге көмектесетін арнайы тифлотехникалық құралды, аудиокітаптар мен Брайль қарпімен шығарылған кітаптар қорын, тифлокешен мен Даналық әліппесін, сондай-ақ қолдан жасалған тактильді басылымдар коллекциясын көрсетті. Әсіресе тифлотехника – баспа машинасы, брайльдық принтер, «книголюб» оқитын машинасы студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өткізілген экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

