Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Ыбырай Алтынсарин кесенесіне экскурсия

12 қазанда арнайы кітапхананың оқырмандары Қостанай ауданының Мичурин ауылынан жарты шақырым жердегі Ыбырай Алтынсаринның кесенесінде болды.

Нысан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қостанай облысының киелі жерлері картасына және Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енгізілген.
 

Ұлы тұлғаның кесенесіне экскурсияны Қостанай облыстық арнайы кітапханасы Ы.Алтынсаринның Қостанай облыстық мемориалдық мұражайымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Мемориалдық мұражайдың басты ғылыми қызметкері Байкенов Қайрат ұлы педагогтың өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Педагогтың бүкіл Торғай өңірінде халықтық мектептерді қалай ұйымдастырғаны, Қостанай қаласында алғашқы орыс-қазақ училищесін ашқаны, оған айшылық жерлерді аралап жүріп өзінің инспекторлық еткені еске алынды. Ыбырайдың бабалары туралы көптеген ізгі сөздер айтылды. Олар даланың ықпалды тұлғалары болатын. Тәуелсіздік алған жылдары атақты жерлесіміздің ұрпақтары Қазақстанға қайтып оралды. 
 

Экскурсия келгендерге естен кетпестей әсер етіп, қазақтың ұлы педагогы өмір сүріп, өшпес мұра қалдырған туған өлкелеріне деген мақтаныш сезімін тудырды.