Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Оқитын отбасы» байқауы

Үстіміздегі жылдың 25 қыркүйегінде Қазақ соқырлар қоғамының бастауыш ұйымында Отбасы күніне арналған «Оқитын отбасы» байқауы өтті. Шараны Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері жылдың басынан бері байқауға қатысатын отбасыларды мұқият іріктеді: отбасылардың кітапханадағы оқырмандық өтілін, оқыған кітаптарының санын,отбасының байқаулар мен іс-шараларға қатысуын санап шықты, аталған деректер байқаудың қорытындысын шығару кезінде ескерілді.

Шара жүргізушілердің мерекенің тарихы жайындағы хабарламасымен және отбасылардың құрамы мен қазылар алқасының мүшелерін таныстыруымен басталды.
 

Мерекелік шара байқау бағдарламаларымен жалғасты. Қатысушыларға әдеби викторинаның сұрақтарына жауап беріп, кітап пен кітап оқу жайындағы мақалдар мен мәтелдерді есіне түсіру қажет болды. Сондай-ақ олар жаңылтпаш айтудан да жарысқа түсті. Бағдарлама капитандардың сайысымен аяқталды. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының анықтауымен Валентина және Наталья Ерохиналар (1 орын), Григорьева Роза мен Дуберштейн Валерий (2 орын), Лептюк Михаил мен Шамсутдинова Рақия (3 орын) жеңімпаз атанды. Олар грамоталармен аталып өтілді. Қылышбай және Нұргүл Бекмағамбетовтар, Поплавская Елена мен Нартова Ольга алғыс хатқа ие болды.
 

Шара соңында барлық қатысушылар демеушілік жасаған «А.П.Чабанов» ЖК мен «ДЕЛЬТА ПЛЮС 2008» ЖШС естелік сыйлықтарына ие болды. Осы залда махаббат пен отбасына арналған әдебиеттер қойылған «Отбасылық орта» көрмесі безендірілді. Байқау Қостанай облыстық филармониясының әртістері Қадыр Қаржауовтың, Жалғас Рыспаевтің және Нұржан Жақсанның орындауындағы музыкалық нөмірлермен сүйемелденді. Шараға қатысушылар аталған байқауды өткізу дәстүрге айналса екен деген тілектерін жеткізді.