Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жиынтық материалдары

Құрметті пайдаланушылар!
Арнайы кітапхана қоры тағы бір басылыммен – Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) кеңсесімен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбына ұйымдастырған дөңгелек үстелінің материалдар жинағымен толықты. Шара ұйымдастырушылық-ақпараттық сипатта ұйымдастырылды және БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын орындау аясында мүгедектердің құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталды. Аталған жинаққа дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздері енді. Билік пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері басылымның авторлары болып табылады. Басылым мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселелесімен айналысатын барлық азаматтар үшін пайдалы болмақ.