Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Жүрегіме жылу болған бас қала, сезіміме серік болған Астана!»
Жұрттың жанын түсіне білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қызметкерлері бар Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы өзінің ізгі оқырмандарына кезекті сыйлығын ұсынып отыр. «Жүрегіме жылу болған бас қала, сезіміме серік болған Астана!» атты ерекше кітап үш түрлі нысанда жарық көрді және оқырмандарының өзін парақтауын асыға күтеді.
Осы бір ерекше басылым тілек білдірген кез келген кісі үшін қол жетімді. Бұл кітаптағы жыр жолдарын тыңдауға, бедерлі графиканың сүйемелдеуінде өзіңізге қолайлы қаріппен оқуға болады.
Ол астанамыздың 20 жылдығына арналып республикалық арнайы кітапханалар арасында Брайль қарпімен жазылған Астана жайындағы үздік кітаптардың «Астана – Қазақстан бірлігінің отаны» байқауының арқасында дүниеге келді.

Біздің басылымымыз Зағиптар мен көзі нашар көретіндерге арналған республикалық кітапхананың алғыс хатымен аталып өтілді.
Өз еліне деген сүйіспеншілік сезімі біріктірген Қостанай облысының ақындары мен жазушылары – кәсіпқойлар мен әуесқойлар, танымалдар мен жас талаптар өздеріңізбен еліміздің бас қаласы Астана жайындағы ойларымен және армандарымен бөліседі.
Сіздер астананың атауына қатысты пайымдаулармен таныс боласыздар және осының арқасында әлемдік мәдениетпен және тарихи деректермен танысасыздар. Қостанайлық композитордың әуезді жолдары жас елдің жетістіктерін жеткізсе, балаларға арналған өлеңдер астана туралы ғана емес, сондай-ақ Бәйтерек пен Қазақстанның татулығы жарасқан қалалары туралы да баяндайды.
Басылым қолына алған адамның жанына жылу беріп, жүрегіне үміт отын жағады, болашақтың жарқын болатынына сенімін арттыра түседі деп үміттенеміз.