Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Талантпен танысу»

     Жыл бойы Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға  арналған арнайы кітапхана «Талантпен танысу» тақырыбымен өңіріміздің танымал және табысты тұлғаларымен кездесулер циклін  өткізіп келеді. Бұл мәдениет және өнер қайраткерлерімен, ғалымдармен және спортшылармен көзбе-көз әңгімелесуге, оқырмандардың өздерінің сұрақтарына жауап алуына, ең бастысы қонақтардың жиналғандарға жақсы үлгі көрсетуіне мүмкіндік береді.  Бүгінгі шақырылған қонағымыз да осындай тұлғалардың бірі болып табылады.
   
     І.Омаров ат. қазақ драма театрының талантты актері, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Қабдул-Мәжит Сүндетұлы Иманов уақыт тауып, Қостанай мүгедектерді оңалту орталығының емделушілерімен кездесуге келді.  Қонақ жиналғандарға театр туралы, өзінің өмірі туралы айтып беріп, өмірінде орын алған қызықты жайттарды еске алды, өлеңдер мен монологтар оқыды.  Актердің әңгімесі кітапхана қызметкерлері дайындаған таныстырылыммен сүйемелденді. Қабдул-Мәжит Иманов актерліктен басқа домбыра мен бесік жасаудың да асқан шебері болып табылады.
    Облыстық филармонияның әншісі Гүлнар Үсенованың қатысушылар үшін көпшіліктің көңілінен шыққан әндерді орындауы актермен болған кездесудің сәнін арттыра түсті.
    Қабдул-Мәжит Иманов талантымен ғана емес, сондай-ақ өзінің қарапайымдылығымен, зиялылығымен, адалдығымен, мейірімділігімен және ашықтығымен де жиналғандардың жүрегін жаулап алды.  

 Кездесу ұжымдық суретке түсумен, қолтаңба таратумен және актердің жеке мұрағатынан алынған материалдар мен фотосуреттерді қараумен аяқталды.  Кездесудің ескерткіші ретінде қонаққа естелік дискі табыс етілді.