Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Кітапхана – шегі жоқ кеңістік

Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылғы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері күні 21 мамырда аталып өтіледі. Мұндай кәсіби мереке Қазақстан үшін аса қажет болатын, себебі ол қазақстандық қоғамның қазіргі кездегі өмірінде аталған сала қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратынын көрсетуге мүмкіндік берді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің қатысуынсыз Қазақстанның түрлі қалаларында жыл сайын өткізіліп жататын көптеген мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мүмкін болмаған болар еді.
 

 
Осы күні мәдениетті сақтаушылар мен жасаушылар – кітапханалар мен мұражайлар, театрлар мен концерт ұйымдары қызметкерлері, мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың мамандары, көркемөнерпаздар үйірмесінің ұжымдары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Олар өздерінің төл мерекелеріне арнап дәстүр бойынша көптеген тамаша мәдени шаралар ұйымдастырады. 
 

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының мүмкіндіктері туралы көбірек білудің ең оңай жолы Ашық есіктер күнінде кітапханаға келу болып табылады. Осыны ескерген Қостанай гуманитарлық колледжінде кітапхана ісі мамандығы бойынша сырттай білім алып жатқан студенттер17 мамыр күні кітапханаға келді.
 

Бұл акцияның мақсаты – келушілерді кітапхананың жұмысымен таныстырып қою ғана емес, сондай-ақ көзі көрмейтін адамдардың мәселелеріне келушілердің назарын аудару. 
Экскурсияға келгендер кітапхананың жұмысымен,  оның міндеттерімен, қызметімен және жобаларымен танысты. Оларға кітапханада жұмыс істеп тұрған көрмелер, көзі көрмейтін адамдарға қызмет көрсетуге көмектесетін арнайы тифлотехника жабдығы, кітапханадағы аудиокітаптар қоры мен Брайль қарпімен шығарылған кітаптар және қолөнер туындысы болып табылатын тактильді басылымдар көрсетілді. 
 

Студенттерді әсіресе тифлотехника – Брайль принтері, оқитын машина, мәтінді танитын қалам ерекше қызықтырды. Себебі мұндай жабдықтарды кез келген кітапханадан кездестірмесің анық. 
 

 
Кездесуді аяқтау барысында кітапханашылар келгендердің барлығына алғыс білдіріп, экскурсияның олардың арнайы кітапхана туралы білімдері мен зағип жандардың өмірі жайындағы  білімдерін толықтыра түскеніне үміт білдірді.