Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт»
Көктемнің алғашқы күні елімізде тағы бір тамаша мерекенің – Алғыс айту күнінің аталып өтіле бастағаны белгілі. Бұл күнді ауызға алғанда Қазақстанға түрлі халықтың жер аударылып келгені еске түседі.
Осы мерекенің қарсаңында, үстіміздегі жылдың 21 ақпанында «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ Қостанай қ. №19 ОМ 7-ші түзету сыныбының оқушылары үшін «Тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» тақырыбымен Алғыс айту күніне арналған шара өткізілді.
Шараның мақсаты: мерекелік күннің – Алғыс айту күнінің мәні мен тарихи негізін түсіндіру. Оқушылардың бойында отаншылдық сезімін және көп ұлтты Қазақстанның тарихы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Ұлтаралық қарым-қатынаста өзара құрмет пен төзімділікті тәрбиелеу.
Шара барысында балалар мерекенің тарихымен танысып, «Баршаға баспана болған үй», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» бейнероликтерін тамашалады.
Көрсетілген сюжеттер көп ұлтты еліміздегі Қазақстан халқы ассамблеясының не үшін қажеттілігін түсіндіріп берді, қазақ халқының өз бастарын қатерге тіге отырып сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарға қалай көмек көрсеткендерін баяндап берді. Сондай-ақ балалар өздері үшін «Қазақстан жеріне алғыс айтамыз» тақырыптық сөресіне қойылған материалдармен танысты және стикерлерге жазылған «Алғыс айту күнін мен қалай түсінемін» деген сөйлемді аяқтауға қатысты.
Кездесу қайырымдылық, достық және өзара түсіністік ахуалда аяқталды.
Өз кезегінде кітапхана қызметкерлері Алғыс айту күнін Отан үшін, тұрып жатқан еліміз үшін, өздерінің жан жылуымен және зейінімен ертеңгі күнге деген сенімді арттыра түсетін барлық адамдар үшін мақтана отырып өткізуді ұсынды.

