Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Күлкі – көңіл айнасы» сықақ кеші
1 сәуір – күлкі және көтеріңкі көңіл күй мерекесін бүкіл әлем атап өтеді. Біздің кітапхана да бұдан тыс қалған емес. Күлкі әлемі – өзіндік ерекше әлем. Жер бетінде жадырап күліп, көңілінің кірін кетіргісі келмейтін жан жоқ деуге болады. Аталған мерекеге орай ұйымдастырылған «Күлкі – көңіл айнасы» көңілді бағдарламасы дер кезінде өткізілген шара болды. Алдымен кітапханашылар мерекенің тарихына тоқталып өтті. Одан кейін оқырмандармен бірге шығармаларында сықақ қоса жүретін классиктерді естерне түсірді. Олардың ішінде Ильф пен Петровтың "Золотой теленок", Гогольдың "Нос", Чеховтың "Толстый и тонкий", Салтыков-Щедриннің "Премудрый пескарь" шығармалары және т.б. аттары аталды.
Жылдың осы бір ең көңілді күнінде күлкілі әңгімелер, қызықты оқиғалар, сықақ туралы мақалдар мен мәтелдер айтылды.Әсіресе жиналғандар «Қанатты сөздер», «Әдебиеттегі сықақ», «Шебер жүргізуші», «Кім шапшаң?» байқаулары мен тапсырмалаларына ерекше құлшыныспен қатысты.
Қатысушылардың шара барысында жинаған жетондарының көмегімен бұл кештің ең көңілді адамы анықталды. Басты жүлде де соған бұйырды. Мерекеде көптеген әзіл айтылып, жиналғандардың күлкісі көп, көңілдері көтеріңкі болды.
