Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
«Кітапхана түні – 2017» акциясы
2017 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы алғаш рет «Кітапхана түні – 2017» акциясына қатысып, келушілерді таңғажайып Тифлоәлеммен таныстырды. «Сезімдер кітапханасы» өз жұмысын сағат 19.00-де «Кедергісіз орта – жетістікке жеткізер жол», «Ерекше оқырманға – ерекше кітаптар», «Біздің басылымдар» және «Жанарыңды сақта» секілді бірнеше бөлімдерден тұратын дәстүрлі кітапхана көрмесімен бастады. Көрмеге барлығы 90 экспонат қойылды. Келушілерді Брайль қарпі, Книголюб құрылғысы, баспа машинасы, балаларға арналған тактильді кітаптары, соқырларға арналған бедерлі-графикалық құралдар мен мәтін оқи алатын қаламы бар «Даналық әліппесі» кешені ерекше қызықтырды. Көрмені тамашалаған қонақтар зағип жандардың өміріне қажетті заттармен танысып, көрмейтіндер мен нашар көретіндердің өмірі жайында мәлімет алуға, олардың қоршаған ортаны қалай қабылдайтындары және күнделікті істерін қалай орындайтыны жайында білуге тырысты. Көптеген келушілер қаламызда зағип жандарға арналған арнайы кітапхана бар екендігін алғаш рет естіп білді.
Аталған акцияға тікелей қатысқан біздің белсенді оқырмандарымыз Людмила Викторовна Тупицына, Ершова Софья Вячеславовна және Самойлов Петр Григорьевич өздерімен бәсекеге түсуге тілек білдірген барлық адамдармен үстел ойындарын (дойбы және шахмат) ойнады.
Кітап оқуға, кітапхана және кітап істерін дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ кітапхана қызметін пайдаланушылардың барлығының: балалардың, жасөспірімдердің, үлкендердің бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткізілген «Кітапхана түні» акциясы бірнеше кітапхананың басын қосты.
«Кітапхана түні» акциясының қорытындысы бойынша бос уақытты пайдалы өткізудің жаңа әдістеріне жұртшылық тарапынан сұраныс бар деуге болады. Кітапханалардың жаңа пайдаланушыларды тартуға мүмкіндігі мол екендігі анықталды. «Кітапхана түнінің» мақсаты кітапхананың ақпарат алатын орын ғана емес, сондай-ақ оның тұлғаның дамуына қажетті мәдениет, ақпарат, қарым-қатынас орталығы екендігін көрсетуге ұмтылу болып табылады.
