Мемлекеттік маңызды мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ ҚСҚ мүгедектерінің ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманымен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуге келген үкімет өкілі «Адам құқығы – мемлекет кепілдігі» журналына шолу жасап, Қазақстанның конституциялық құрылысының тарихы туралы айтып берді.
Кездесу барысында жиналғандар көкейлерінде жүрген сауалдарына: берілетін тифлоқұрылғылардың сапасы, ЖОБ (жеке оңалту бағдарламасы) картасын ресімдеу, мүгедектерді бизнеске тарту үшін жағдай жасау және т.б. жауап алды. Сұрақ қойған әрбір адам мұқият тыңдалды, барлық мәселелер ерекше бақылауға алынды. Бас маман Әбжамал Абылай Талғатбекұлының айтуы бойынша барлық сұрақа жауап берілетін және тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Кездесу аяқталғаннан кейін оған қатысушылар «Адам. Мемлекет. Құқық» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.