Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Біздің жобаларымыз

«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ 2015 - 2019 жылдарға арналған жобалары
 

 
Жұмыстың негізгі бағыттары:
  • Көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кедергісіз ақпараттық ортаны жасау.
  • Көру қабілеті бұзылған адамдарды оңалту және әлеуметтік ортаға тарту мәселелері бойынша ақпарат беру жүйесінің базасын жасау.
  • «Кедергіден өткізер өткел» тақырыбымен көру қабілеті бұзылған адамдарды компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру.
  • Өмір сүру мүмкіндіктері шектеулі жандарды оңалту мәселелері бойынша дыбысталған кітаптарды, бейнематериалдарды өндіру және тарату. 
  • Қостанай облысының зағип ақындары өлеңдер жинағының сериясын шығару.
  • «Демеу» - Қазақстан Республикасы мен Ресейдің шекаралас облыстарының арнай кітапханалары арасында альтернативтік нұсқадағы жарияланымдар алмасуды дамыту.
Аймақтық және облыстық бағдарламалар бойынша атқарылатын жұмыстар 
 
1) Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру:
  • Қазақ соқырлар қоғамының аудандық (қалалық) бастауыш ұйымдарының, орталық аудандық, қалалық кітапхана жанынан ашылған кітапхана пунктерінің жұмыстарын жалғастыру;
  • Көздері көрмейтін және нашар көретін азаматтарға компьютерді оқыту жұмыстарын жалғастыру;
  • Қорды альтернативті және дәстүрлі қалыптағы басылымдармен толықтыру;
  • «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясындағы жұмыстар (дауыстап оқулар өткізу).
2) «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға бағытталған шаралар:
  • ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (БНҚ және дыбысталған нұсқаларын жасау).
3) «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» жүзеге асыруға бағытталған шаралар:
  • «Оқитын отбасы»;
  • «Тақсыз тақсыр» (8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні);
  • «Наурыз – жаңа жылдың жаңа таңы» (22 наурыз – Наурыз мейрамы);
  • «Құстың күші қанатында, адамның күші достығында» (1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні);
  • «Жүректегі  жазылмас жара» (ҰОС Жеңіс күніне арналған);
  • «ҚР нышандары – ұлт мақтанышы» (ҚР рәміздер күніне арналған);
  • «Астананың жаңа келбеті» (6 шілде – Астана күні);
  • «Домбыра – аңызға айналған аспап» (1 шілде – Ұлттық домбыра күні);
  • «Бір ел – бір кітап»;
  • «Елбасы жолы» (1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні);
  • «Мен патриотпын»;
  • «Өңір тарихындағы тұлғалар».
4) «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2017 - 2019 жылдарға арналған шаралар жоспарын» жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар:
  • «Мен әлемді бейнелеймін» (Балаларды қорғау күніне арналған);
  • «Бар ізгілік балаларға» (Балаларды қорғау күніне арналған);
  • «Жаз дегенің береке, бітіп болмас мереке»;
  • «Адам. Мемлекет. Заң»;
  • «Зорлық пен экстремизмге жол жоқ!».
Ағартушылық, көпшілікке танытушылық және коммуникативтік қызмет
 
Мейірімділік күні, «Барлығымен бірдейміз, жеңілуді білмейміз» (Үміт пен сенім күніне арналады)
«Жарықты аңсаған жандар» (13 қараша – Халықаралық соқырлар күні)
 
Өлкетану. Саясат. Тарих

«Ауғанстан – жүректегі жара»;
«Алғыс ағайын таңдамайды» (Қазақстандағы Алғыс айту күні)
«Әлия – ұлт мақтанышы» (20 сәуір – мерген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл);
«Танымал тұлғалардың белгісіз тағдырлары» (Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған);
«Отан қорғау – парызың» (7 мамыр – Отан қорғаушы күні);
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні;
«Елдің басты кітабы» (30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні);
«Тіл менен түр сәйкес болсын» (5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні);
 «Оқитын отбасы» байқауының қорытындысы (8 қыркүйек – Қазақстандағы Отбасы күні);
«Тыныштықты тілемейтін жандар» (Қарттар күніне арналады);
«Өңір мақтанышы» (Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған);
«Армандарға жетейік!».

 
Экология. Саламатты өмір салты

Шаралар циклі:
«Денсаулық күні» (7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні);
«Қателікке ешкімнің қақысы жоқ» (Халықаралық көз дәрігері күні);
«Табиғаттағы, мектептегі және үйдегі өрт қауіпсіздігі ережесі» (5 маусым – Дүниежүзілік тіршілік өрісін қорғау күні);
«Траффикинг» (30 шілде – Дүниежүзілік адам  саудасымен күрес күні).

 
Көркем әдебиет

«Балалардың білімін ұштар басылымдар» (Халықаралық балалар кітабы күніне арналған);
«Барлығына серік болған кітап» (23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні);
«Жүрегінде жұртында жоқ жыр жатыр» (Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл).

 
Өнер. Мәдениет

«Кітапты оқымау сәнді емес, оқу сәнді» -  кітапханашы кітап оқуға кеңес береді.
 
Тифлология
  
«Өмір өткелдері» - шаралар топтамасы

 
«Алты нүктенің авторы» (француз тифлопедагогы, зағиптарға арналған қазіргі бедерлі-нүктелі жазудың негізін салушы Луи Брайльдың туғанына 210 жыл);
«Сазгердің сұлу саздары»;
«Қорықпай қимылда», стадиондағы қимыл-қозғалыс ойындары;
15 қазан –  Халықаралық «Үміт пен сенім» күні»;
«Соқыр болмаңыздар», нашар көретіндерге деген көзқарасты өзгертуге шақыратын әлеуметтік ролик;
«Екі жұлдыз».