Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Кітапхананы пайдалану ережесі

Жұмыс тәртібі:
Сағат 9:00-ден сағат 18:00 дейін
 
Демалыс күндері: 
сенбі, жексенбі
 
Санитарлық күн:
айдың соңғы жұмыс күні

 
Арнайы кітапхана қорын пайдалану тәртібі
  1. Қорды зағип азаматтар, олардың отбасы мүшелері, арнайы мектептің оқушылары, ҚСҚ ОӨК жұмысшылары пайдалана алады.
  2. Кітапхана тегін қызмет көрсетеді.
  3. Оқырмандардың құқықтары: Оқырмандар кітаптарды уақытша пайдалануға алуға,библиографиялық анықтамалық-ақпараттық қызметті пайдалануға, кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы. 
  4. Оқырмандардың міндеттері:
    • Оқырмандар кітаптарды күтіп ұстауға, оларды бекітілген мерзімде қайтаруға (бір айдан аспайтын мерзімге);
    • кітаптардың дұрыс тасымалдануын, олардың толық сақталуын қамтамасыз етуге, кітапты бүлдіргенде немесе жоғалтқанда оның толық құнын төлеуге;
    • дыбысталған кітапты тапсыру кезінде әрбір кассетадағы немесе дискідегі анықталған кемшілктерді хабарлауға;
    • кітаптарды өзге адамдарға бермеуге;
    • магнитофонды пайдалану тәртібін қатаң сақтауға, дыбысталған кітапты тыңдау үшін ақаулы аппаратты пайдаланбауға;
    • кітапханааралық абонемент бойынша алған кітаптарын уақытында және толық сақталған қалпында қайтаруға міндетті.
Бедерлі кітаптарды оқу ережесі
  1. Бедерлі қаріптің өшіріліп қалуын болдырмау мақсатында кітап ішіне бөгде заттарды салуғы тыйым салынады.
  2. Кітаптың түбін және бедерлі-таңбалықаріпті сақтау мақсатында кітапты қайырып ашуға тыйым салынады.
  3. Бедерлі және дәстүрлі қаріппен жазылған кітаптардың бетіне қандай да бір белгі салуға немесе сызуға тыйым салынады.