Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Кітапхана туралы

Қостанай облыстық арнайы кітапханасы 1969 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1969 жылдың 12 ақпанында қабылдаған «Республикада соқырларға арналған арнайы кітапханалар ашу туралы» №29 бұйрығына сәйкес соқырлар мен нашар көретін азаматтарға арналған қалалық кітапхананың негізінде ашылды.

Қазіргі кезде кітапхананың облыс аумағында өзінің бөлімшелер жүйесі бар. Атап айтқанда Рудный қаласында филиал, Жітіқара және Лисаков қалалары мен Таран, Сарыкөл, Әулиекөл, Денисов, Қарасу, Меңдіқара, Федоров, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында кітапханалық пунктер жұмыс істеп тұр, сондай-ақ мұндай пункт Соқырлар қоғамы ұйымы жанынан құрылып, өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.

Кітапхананың негізгі міндеті соқыр және нашар көретін азаматтардың көркем, кәсіби және мерзімдік басылымдарды пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсаттың орындалуын қамтамсыз ету үшін кітапхана қорында аналогтық және сандық ақпарат тасығыштарға түсірілген дыбысталған әдебиеттер мен бедерлі-нүктелі қалыпта (Л.Брайль әдісі) орындалған басылымдардың мол қоры жинақталған.

Кітапханадағы тифлокешеннің арқасында Брайль қарпімен түрлі басылымдар шығару мүмкін болып отыр. Осы құрылғыны қолдану арқылы қазақстандық авторлардың шағын көлемді көркем шығармалары, мерзімдік басылымдарға ай сайынғы шолу, апта сайынғы теледидар бағдарламасы, сонымен қатар мерейтойлар мен атаулы күндерге байланысты материалдар шығарылып отырылады.

Кітапханада оқырмандарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін арнайы кітапханаларға арналған «ҚР АК АЖА» бағдарламасы орнатылған. Жаңадан компьютерлер мен шағын басылым өнімдерін шығаратын жабдықтар сатып алынды.2011 жылдың маусымында дәстүрлі баспахана әдісімен (әдеттегі қағазда) шығарылған кітаптарды дыбыстауға мүмкіндік беретін «Книголюб-компакт» машинасы сатып алынды.Дауыстап оқу үйірмесі жұмыс істейді, ал кітапханаға өз беттерінше келе алмайтындарға үйлерінде қызмет көрсетіледі. Әр аптаның сәрсенбі күні кітапхана қызметін пайдаланушылар үшін ақпарат сағаты өткізілді.

Кітапхана қызметін пайдаланушылардың қатарына зағип жандардың отбасы мүшелері болып табылатын көздері көретін адамдар мен арнайы мамандарды және өз беттерінше кітап оқи алмайтын, дыбысталған немесе үлкен қаріппен жазылған әдебиетті қажет ететін жасамыс кісілерді жатқызуға болады.

Соқырлар мен нашар көретін азаматтарға арналған нұсқасы бар өз сайтымыздың жасалуы елеулі жаңалықтың бірі болды деуге болады.

Кітапхана қоры үнемі жаңартылып және толықтырылып отырылады. Қазіргі кезде оқырмандар қаламыздың ғана емес, сондай-ақ Алматы қаласындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана мен Челябі қаласындағы зағиптар кітапханасының қорларындағы әдебиеттерді пайдалана алатын болды.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету және олардың сұраныстарын жедел орындау арқылы, сондай-ақ кітапхананы заманауи жабдықтармен, безендірумен қамтамасыз ету арқылы және келушілермен мәдениетті қарым-қатынас орнату арқылы кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру мақсатын қойып отыр. Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы зағип жандарды тек ақпаратпен қамтамасыз ету орталығы ғана болып қоймай, зағип жандардың әлеуметтік құқықтарын қорғау секілді маңызды қызмет атқарып отыр. Сондықтан да ол зағип жандардың әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырылады.