Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Тәуелсіздік – ұлы мұрат

15 желтоқсанда зағиптардың арнайы кітапханасы ҚСҚ қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған ақпарат сағатын өткізді.

Отанға деген сүйіспеншілікті көрсететін аталған мереке зағиптардың бастауыш ұйымының қабырғасында бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Қазақстанды біз «Отан», «Туған жер», «Атамекен» секілді түрлі атаулармен атай береміз.  Соған қарамастан бұлардың әрқайсысы біз үшін қасиетті және қымбат болып табылады. Мерекенің негізгі идеясы – отаншылдықты тәрбиелеу, тәуелсіз Қазақстан азаматының белсенді ұстанымын қалыптастыру, Отанға деген махаббат сезімін тәрбиелеу.

Осы бір мерекелік күні зағип жандарды аталған саланың басшылары Х.Исмұратов пен К.Мұратбекова құттықтады.  Шара барысында қазақ халқының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы және Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы әңгімеленді.  Күннің салқындығына қарамастан шараға 30 астам адам жиналды.