Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Тәуелсіздікті жырлаймыз

Жыл сайын желтоқсан айында Қазақстан халқы қалыптасқан игі дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесін салтанатты түрде атап өтеді. Кітапханамызда өскелең ұрпаққа отаншылдық тәрбие беруге, отаншылдық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін  қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсаттта 14 желтоқсанда №19 орта мектептің 6-7 түзету сыныптарына арналған «Тәуелсіздікті жырлаймыз» атты отаншылдық сабағы өткізілді. 

Отаншылдық тәрбие кездесудің алғашқы минутынан – ҚР Әнұранын орындаудан басталды.  

 

Бұдан кейін кітапханашылар балаларға мерекенің тарихы туралы айтып беріп, қызықты деген деректермен бөлісті. Балалар сұрақтарға жауап беріп, келе жатқан мереке жайындағы ойларын ортаға салды, өздерінің армандарын жеткізіп, Қазақстанның болашағын қалай елестететінін айтып берді.
 

Оқушылардың жауаптарынан, әңгімелерінен, суреттері мен сұхбаттарынан туған өлкесіне, өз Отанына деген мақтаныштары көрініп тұрды, олар Қазақстан табиғатының сұлулығы мен көркемдігін ерекше атап өтті. Шара барысында Қазақстан мен онда тұрып жатқандардың барлығына еліміздің ең басты мерекесімен бірнеше рет құттықтау айтылды.
 

Кітапханашылар балаларға оқуда табыс және өмірде белсенді болуды тіледі. Шара ұжымдық фотосуретке түсумен аяқталды. Шара қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.