Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Көзі көрмейтін аталар мен әжелерге арналған қаламдар мен флешкалар

Осыдан 20 - 30 жыл бұрын көзі көрмейтіндер мен нашар көретіндердің қолында тек таяқтары, жетекші иттері және дыбысы бар қарапайым электронды құралдары (сағаттар, стационарлық телефондар) ғана болатын. Алайда біз қазір гаджеттердің цифрлы әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Енді бұдан көзі көрмейтіндер де қалыс қалмайтын болды, олар да күнделікті өмірде ноутбукты, құлаққаптар мен флеш-карталарды қолданатын болды. Алайда екінің бірінің қажет болғанда оларды сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді, сол себепті де Қостанай облыстық арнайы кітапханасы «Technodom Operator» АҚ президенті Исмаилов Ренат Рафикұлынан кітапхананың ең белсенді оқырмандарын марапаттауға демеушілік жасауын өтінді.  Өтінішімізді елеусіз қалдырмаған іскер басшы үстіміздегі жылдың 12 желтоқсаны күні өз өкілін жіберіп, басшылық атынан фирманың таңбасы басылған флеш-карталар мен қаламдарды кітапханаға табыс етті.