Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Көшбасшы және Тәуелсіздік» мерекелік бағдарламасы

2017 жылдың 07 желтоқсанында Қостанай мүгедектерді оңалту орталығының жиналыс залында жақында болатын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Көшбасшы және Тәуелсіздік» атты мерекелік бағдарлама өтті.

Шара Тәуелсіздік күні жайындағы кітапханашылардың ақпаратымен басталып, бағдарламаны жүргізушілер аталған мерекенің қазақстандықтар үшін қандай маңызы бар екендігі, еліміздің тәуелсіздік алған мерзімде қандай жетістіктерге қол жеткізгені туралы, халқымыз бен елбасымыздың қандай қиындықтарды жеңе білгені жайында айтып берді. Бұдан кейін үш бөлімнен: 1. «Елбасы портреті» - «Портрет лидера», 2. «Ұрпаққа ұран болған Тәуелсіздік» - «Независимость чаяния поколений», 3. «Тұңғыш Президенттің қызмет хроникасы» - «Хроника деятельности Первого Президента» тұратын «Тұңғыш - Первый» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.

Мемлекетіміздің құрылуы мен аяғынан тұруының тарихи кезеңдері, Қазақстан халқының мәдениеті жайында баяндайтын кітап көрмесіне қойылған кітаптар демалушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.

Шара «Вдохновение» демалыс орталығы өкілдерінің өнер көрсетуімен – тақырыпқа сай таңдалған әндердің орындалуымен аяқталды.