Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Түсіну. Сезіну. Көмектесу»

13 қарашада барлық елдерде қоғамның назарын жанарынан айырылып, тағдырдың тауқыметіне тап болған жандарға аударуға шақыратын күн аталып өтіледі.

Үстіміздегі жылдың 20 қарашасы күні Қостанай облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжінің жиналыс залында «Түсіну. Сезіну. Көмектесу» тақырыбымен І курс студенттеріне арналған тренинг-сабақ өткізді. Бұл соқыр адамның басындағы қиындықты өз басынан өткізіп көруге, олардың сезімдері мен мүмкіндіктерін  түсінуге және елестетіп көруге деген ұмтылыс болды.

Кездесу көзі көрмейтін жүзгіш Андрей Зелевский туралы түсірілген «Тағдырмен тайталас» атты бейнесюжетті көрумен басталды. «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысқан Андрей Зелевский өзінің «Полимерлі қалдықтарды өңдеу» жобасын жүзеге асыру үшін қажетті қаржы алды.

Тренинг қатысушыларды 6-ы станцияда («Сенімді серік»,«Алты нүктенің нұры», «Мүмкіндіктің жолы мол», «Шеберлер», «Керемет келіншек» және «Саусақпен сезген сұлулық») түрлі сабақтар: Брайль бойынша хат жазу, дәндерді және бедерлі-графикалық құралдарды анықтау, түйме қадау және т.б. күтіп тұрған саяхат түрінде өткізілді.

«Біздің басылым», «Жанарыңды сақта», «Ерекше оқырмандарға арналған ерекше кітаптар», «Сәуле сыйлар кітап», «Шекарасыз өмір», «Алты нүктенің нұры» секілді алты бөлімнен тұратын көрме жиналғандардың ерекше қызығушылықтарын тудырды.

Мұндай сабақтар болашақтағы әлеуметтік жұмысшылар үшін аса қажет және ол келешекте олардың қамқорында болатын адамдардың өмірін жеңілдетуге, кедергілерді азайтуға бағытталған.