Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Жанарым менің жүрегім»

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы жыл сайын Халықаралық  зағиптар  күнін атап өтеді. Биыл да бұл күн атаусыз қалған жоқ. Бүгінгі Халықаралық  зағиптар  күніне арналған мерекелік шара Достық үйінде өтті.

1745 жылдың 13 қарашасында Францияда нашар көретіндер үшін бірнеше мектеп пен кәсіпорын ұйымдастырған Валентин Гаюи дүниеге келді. Қоғамның осы бір белсенді мүшесінің құрметіне оның туған күні ресми мереке болып бекітілді.

Осы арада биыл Қазақ соқырлар қоғамының өзінің сексен жылдығын атап өтіп отырғандығын айта кету керек. ҚСҚ барлық тарихы жанарынан айырылған жандарды өзгелермен тең дәрежедегі өмірге қайтару жолында шаршаусыз жүргізіп келе жатқан күрес болып табылады. Өткен жылдар ішінде көптеген істер атқарылды. Бұл осы салада жүрген жандардың өз ісіне деген заңды мақтаныш сезімін тудырады.

Фойеде «ӘР АДЫМЫ – АСУДЫ АЛҒАНЫ» атты кітап көрмесі безендірілді. Экспонаттардың ішінде тактильді кітаптар, бедерлі-графикалық құралдар және т.б. көптеген материалдар болды. 

Мерекелік кездесуге 90 астам адам жиналса, солардың арасында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Ирина Шевко, қала әкімінің мүгедектермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Қайыржан Жүргімбаев, Қазақ соқырлар қоғамының ОӨК мекемесінің директоры Владимир Воронин, «Қостанай баспа үйі» ЖШС бас директоры Анатолий Тарасенко, педагог, білім беру ісінің үздігі, ҚР Ғылым академиясының құрметті мүшесі, халықаралық поэтикалық байқаулардың дипломанты Александра Ильинична Суслова, сондай-ақ Мария Әмірғалиқызы Дәрменова болды. 

ҚСҚ ҚБ  облыстық басқарма төрағасы Хамит Исмұратов бүгінгі шараға өмірді белсенді өткізуге тырысып жүрген, алғыс хаттармен, грамоталармен және естелік кәдесыйлармен марапатталған адамдардың – зағип жандардың жиналғанын хабарлап өтті.

Мария Әмірғалиқызы Дәрменова өз сөзінде Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың үстіміздегі жылғы жұмыстарының маңызды және қызықты оқиғаларын атап өтті.  Барлық қатысушыларды маңызды оқиғамен құттықтағаннан кейін ол «Қостанай баспа үйі» ЖШС қолдау көрсетуімен жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсауын кесті. «Қостанайлық ақындардың шығармалары» аталатын жаңа басылымға Ғайнижамал Бердалинованың, Анатолий Тарасенконың және Александра Суслованың шығармалары енді. Кітап қазақ және орыс тілдерінде, көзі көрмейтін жандардың оқуына мүмкіндік беретін үш нысанда шығарылды.

Мерекелік бағдарлама филармония әртістері мен әуесқой әртістердің қатысуымен өтті. Жұртың жақсы көретін әндері орындалып, атақты ақындардың тақырыпа сай таңдалған өлеңдері оқылды. Тыңдаушылар әншілерге деген ризашылықтарын дуылдата қол соғуларымен жеткізді.