Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

ҚСҚ жыл сайынғы Брайль жүйесі бойынша кітап оқу байқауы өтті

9 қараша күні  Халықаралық соқырлар күнін атап өту аясында ҚСҚ қоғамдық бірлестігінде Қостанай қ. мен Рудный қ. оқырмандары арасында «Жүрегіме жылу берген Брайль» тақырыбымен Брайль жүйесі бойынша жыл сайынғы кітап оқу байқауы өткізілді.  Аталған байқаудың зағип жандардың сауаттылығының негізі болып табылатын Брайль оқуы мен жазуын сақтау мақсатында өткізілетінін атап өту керек.
 

Байқауды ҚСҚ белсенді қатысуымен Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырды және өткізді. Үстіміздегі жылы өтіп отырған байқаудың тақырыбы С.Торайғыровтың шығармашылығына арналды.
 

Кітап оқу жарысына Брайль жүйесі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде кітап оқу дағдысын игерген кітапхананың 10 оқырманы қатысты. Тәжірибелі «брайльшылармен» қатар жарысқа жаңадан қосылғандар да белсенді қатысты. Әр қатысушының қабілетін жеке бағалау қазылар алқасына олардың оқу жылдамдығы мен мәнерін дұрыс бағалауға және жеңімпаздарды анықтауға мүмкіндік берді. Жеңімпаздар ҚСҚ қоғамдық бірлестігі тағайындаған сыйлыққа ие болысты.