Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Арына дақ түсірмеген адам»

Үстіміздегі жылдың 18 қазаны күні Қостанай мүгедектерді оңалту орталығында Қазақстанның ең танымал қайраткерлерінің бірі Ілияс Омаровтың туғанына 105 жыл толуына арналған әдеби-сазды сағат өткізілді. Қазақтың атақты публицисті және сыншысының еліне сіңірген еңбектерін еске алу үшін сауықтыру орнының пациенттері, арнайы кітапхананың мамандары және І.Омаровтың атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері жиналды.

Кездесуді жүргізгендер қайраткердің жұлдызы жанған кезін де, қасындағылардан көңілі қалып, жаны құлазып жүрген кездерін де шолып өтті. Бұдан кейін сөз қазақ драма театрының әртістері Иманов Қабдұлмәжит пен Таңатқанұлы Бақытжанға берілді.

Әртістер Ілияс Омаровтың басты қасиетін ерекше атап өтті – ол барлық жерде, барлық уақытта көш басында болды. Еңбек жолын Қызылорда сауда техникумына жетекшілік етуден бастаған ол Қазақ КСР Мәдениет министріне дейінгі лауазымға көтеріледі. Актерлер Ілияс Омарұлының отандық мәдениетіміздің жаңа деңгейге көтерілуіне көп көмегі болғандығын атап өтті. Билік басында тұрған кезінде цирк пен театр өнерін дамытты, қазақ кинематографиясы мен эстарада орындаушыларына көп көңіл бөлді, жас таланттардың ел алдына шығуы үшін үнемі қолдау жасап отырды. Ілияс Омарұлы мейлінше жан-жақты тұлға болды. Ол ел есінде қатал сыншы және талантты жетекші ретінде де қалды.

Кездесу соңында І.Омаров жайындағы «Сердце мое» деректі фильмі көрсетілді.