Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Талантпен танысу»

«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ 15 қазан күні сағат 16:00 де Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығында Қостанай өңіріне танымал ақын, Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік  университетінің профессоры Серікбай Оспановтың 75 жылдық мерейтойына орай облыстық арнайы кітапханада ақынның өмірімен және шығармашылығымен танысу мақсатыңда «Талантпен танысу» атты іс-шара өткізілді.
 

Іс-шараға Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығынан 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі жан келді. Кеш барысыңда І.Омаров атыңдағы қазақ драма театрының әртісі Құбаш Мөлдір Серікбай Оспановтың «Жас көңіл» поэзиясын оқыса, Өмірзақова Элиза «Сағындым Алматымды» әнін орындады. Сонымен қатар талантты ақын Серікбай Оспановтың ақындық өнерінен басқа қырларына да куә болдық. Ақын карантин жағдайына қарамастан бос уақытында қолөнермен айналысып, домбыра, бесік жасап шығарған. Сонымен қатар іс-шара кезіңде мүмкіңдігі шектеулі жаңдарға домбырамен қазақтың дәстүрлі беташар рәсімі көрсетілді. Беташар рәсімін көрсету кезінде Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері атсалысты. Көрмеге Серікбай Оспановтың өмірі жайлы жазылған 23 кітап қойылды. Серікбай Оспанов өзінің қолтаңбасы қойылған «Неугасимое пламя» атты кітабын сыйға тартты. Серікбай Оспанов келген қонақтарға домбырамен «Арманым ардағым» өлеңін айтып берді. Және қазіргі таңда домбыра жайлы кітап жазып жатқанын тілге тиек етті. Кеш соңында шараға жиналғандар ақынмен естелік суретке түсті.