Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Жастар және Абайдың рухани құндылықтары»

2020 жылдың 4-5 тамызы аралығында «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КМУ Алматы қаласындағы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық мемлекеттік кітапханасы» РММ ұйымдастырған «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» атты Қазақстан Республикасы арнайы кітапханаларының Жас кітапханашыларының II республикалық жиналысына белсенді қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2010 жылғы 09.01. «Абай және Қазақстан» мақаласы аясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орайластырылды.

Іс-шара Zoom платформасында онлайн режімінде өтті.

Бірінші күні «Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың ішіндегі таңғажайып тұлға» тақырыбында халықаралық онлайн конференция болды. Шараға 17 арнайы кітапхананың және Қазақстан Республикасының зағип және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімдерінің өкілдері және Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибиоск, Кузбасс және Уфа қалаларының арнайы кітапханалардың өкілдері қатысты. Барлығы 16 баяндамашының баяндамалары тыңдалды, олар зағиптарға арналған кітапханалардың Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн шараларды дайындау бойынша жұмыстың жаңа жолдарымен бөлісті.


Жұмыстың бірінші күнінің соңында «Брайль жүйесі бойынша шығарылған үздік басылым» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ «Шыңғыс хан» көп форматты басылымы үшін екінші жүлделі орынға ие болды.