Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Мен – патриотпын»

5-і желтоқсанда арнайы кітапхананың қызметкерлері «Мен – патриотпын» тақырыбымен музыкалық караоке өткізді. №19 мектептің 8-ші және 9-шы түзету сыныбының оқушыларын жинаған бұл музыкалық мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналды. Кітапханашылар жиналғандарды мерекемен құттықтады. Олар әр адам үшін Отанның қандай болатыны туралы айтып берді. Ең бастысы кез келген өзін құрметтейтін адам ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде балалардың өз елінің және өз қаласының тарихын ұмытпауына ерекше көңіл аударылды. Өлкетану бағытындағы «Өскен жеріңді білесің бе?» викторинасы өткізілді. Балалар сұрақтарға жарыса жауап беріп, туған өлкелері жайындағы жақсы білімдерін көрсетті.


Туған жердің табиғатына, тіліне, адамдарына деген махаббат туралы, өз елінің салты мен дәстүріне, рәміздері мен тарихына деген құрмет туралы айтылды. Балалар дәл осы тақырыптарға караокемен өлең айтып, Отанға деген махаббаттары мен адалдықтарын білдірді. Шара Қостанай жайындағы әдемі аңызбен және туған жерге деген махаббат пен іңкәрлікке толы музыкалық бейнебаяндармен сүйемелденді.