Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Жарықты аңсаған жандар»

1745 жылдың 13 қарашасында Францияда Париж бен Петерборда соқырларға арналған бірнеше мектеп пен кәсіпорынның негізін қалаған белгілі педагог Валентин Гаюи дүниеге келді. Оның құрметіне бұл күн Халықаралық соқырлар күні ретінде бекітілді.
 
 
Қостанай облыстық арнайы кітапханасы ҚСҚ бастауыш ұйымымен бірге осы күнге арнап «Жарықты аңсаған жандар» мерекелік бағдарламасын өткізіп, ең белсенді оқырмандарды грамоталармен марапаттады, ал кітапхана қызметкерлеріне жемісті еңбектері үшін алғыс айтылды. Достық үйінде өткен мерекеге көп адам жиналды. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға көмек көрсететін және олармен бірлесе жұмыс істейтін мекемелердің басшылары келді. Олардың ішінде Е.Өмірзақов ат.Қостанай облыстық филармониясы, Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы орталығы, қалалық «Мирас» МҮ, сондай-ақ тұрақты демеушілер А.Т. Есенгелдинов, А.П. Чабанов және Т.В. Степаненко болды.
 
 
Олар көре алмайтын, алайда мүмкіндіктері мүлдем шектеліп қалмаған жандардың нағыз демалыс орталығына айналған арнайы кітапханамен бірлесе жұмыс істеуге қуанышты екендерін жеткізді.
 
Әдемі ән мен бүкпесіз әңгіме зағип жандардың көңілін көтеріп, жандарын жадыратты, жүректеріне жылу сыйлады.
 

Мерекеге қажетті қолдау көрсеткен Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің ерікті студенттері өздерінің зағип жандармен бірге екендерін білдірді.
 
Шараны қорытындылаған Қостанай облыстық арнайы кітапханасының директоры Кенжегүл Мұратбекова: «Зағип жандарға қызмет көрсету, көмектесу, қолдау көрсету және олардың жанында болу біз үшін бақыт»,- деді.
 
Б.Б. Әбжанова, кітапханашы
«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін
азаматтарға арналған арнайы кітапханасы»