Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Екі жұлдыз» «Жанары жоқ, жүрегі жыр жандар»

Қостанай қ. алғаш рет 2019 жылдың 7 қарашасында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар арасында қаланың кәсіби әншілерін қатыстыру арқылы «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Оны өткізу туралы бастама көтерген Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы өз оқырмандарының талантын ашуға, олардың вокалдық қабілетін дамытуға және осы арқылы олардың өз күштеріне деген сенімдерін нығайтуға тырысты.
 
 
Шараға 8 жұп (байқауға қатысушы және оның тәлімгері) қатысты. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрермендерге көрсету үшін Қостанай қ. мен Рудный қ. ерекше күтімді қажет ететін таланттары келді. Бұл байқау мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын дамыту және оларды әлеуметтендіру және қоғамға тарту мақсатында өткізілді.
 
 
Байқауға қатысушылармен жұп болып өнер көрсету үшін шараны ұйымдастыруға басынан бастап қолдау көрсеткен Қостанай облыстық «Мирас» мәдениет үйінің, Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының және Е.Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының кәсіби әртістері сахнаға көтерілді. Әншілер сахнаға алғаш шыққан жұптарына кәсіби кеңестер беріп, олардың шығармашылығын қажетті бағытқа бағыттай отырып нағыз тәлімгерлік көрсетті.
 
 
Қазылар алқасы өнер көрсеткен жұптарға баға берудің қиын болғанын, себебі орындалған әр әннің өзінше керемет болғанын, ал жекелеген қатысушылардың әсем де қайталанбас киімдерінің таңданыс тудырғандарын жеткізді. Нәтижесінде барлық қатысушылар қандай да бір аталым бойынша жеңімпаз деп танылып, үш жүлделі орынға сыйлық тағайындалды, ал Эльнара Абдиназарова (көз ауруының І топтағы мүгедегі) мен оның тәлімгері Мәди Нұрмұхамбетов («Мирас» МҮ жетекшісі) талассыз жеңімпаздар деп танылды.
 

Ешбір шараның демеушілер мен еріктілердің қатысуынсыз өтпейтіні белгілі. Шараны өткізуге қолдау көрсеткен «Айшатыр» СҮ, «Оазис» гүлдер дүкеніне және «А.П.Чабанов» ЖК, сондай-ақ Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттеріне алғыс айтамыз.
 
Н.Н. Рақымжанова,
«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар
көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ
аға кітапханашысы