Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Екі жұлдыз» [Баспасөз хабарламасы]

2019 жылдың 7 қарашасында Қостанайда «Екі жұлдыз» атты вокалдық байқау өтеді. Шараны «ҚСҚ» ҚБ Қостанайдағы және Рудныйдағы филиалдарының және «Мирас» МҮ қолдау көрсетуімен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ ұйымдастырады.

Шара көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар арасындағы таланттарды анықтау, олардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Байқау Қостанай және Рудный қалаларында тұрып жатқан көзінің көруі төмен кез келген жастағы азаматтың қатысуымен «Мирас» МҮ (Қостанай қ., Маяковский көш.119 үй) өткізіледі.

Байқау екі кезеңнен тұрады:
  • Бірінші кезең – 2019 жылдың 21 және 25 қазаны аралығында алдын ала тыңдау болады, 28 қазан мен 06 қараша аралығында екінші кезеңге өткен дуэттердің дайындығы болады;
  • Екінші кезең – финалдық концертте өнер көрсету, 2019 жылдың 7 қарашасы, сағат 11:00.
Байқаудың жеңімпаздары 13 қарашада сағат 11:00 «Достық үйінде» болатын Соқырлар күніне арналған салтанатты шарада өнер көрсетеді.