Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Барлығымен бірдейміз, жеңілуді білмейміз»

Жер бетіндегі жұрттың 3,5% жуығының жанарының ақауы бар, ал 0,55% су қараңғы соқыр деп  санайды БҰҰ мамандары.

Халықаралық соқырлар қауымдастығының 1970 жылғы 15 қазандағы бастамасы бойынша бекітілген зағип жандардың белгісі болып табылатын Халықаралық Ақ таяқ күні қарсаңында Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Барлығымен бірдейміз, жеңілуді білмейміз» атты шара өткізді. Бұл көңіл көтеретін мереке емес, бұл жұрттың жанында физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі жандар бар екендігін, олардың көмек пен қолдау қажет ететіндігін қоғамның есіне салатын бақытсыздықтың өзіндік белгісі болып табылады.

Әлемнің мүгедектерге, соның ішінде көзі көрмейтіндерге де көзқарасы баяғыдан-ақ өзгерген. Бұрын мұндай адамдар қоғамдық-мәдени өмірден жиі тыс қалып жатқан болса, қазір олардың басты міндеті – адамның өмірдегі барлық тіршілік қарекетіне араласу, қолжеткізу.
 

Бүгінгі күннің басты қаһармандары (Мария Қарымсақова, Валентина Бракоренко, Андрей және Светлана Зелевскийлер, сондай-ақ рудныйлықтар: Байболова Айсұлу, Крупин Сергей, Нұрғалиев Сембай, Едіресова Балдырған  және Понамарева Лариса) – көру қабілеттері бұзылған жандар, әрқайсысының өзі қайғысы, өз тарихы бар. Өздерінің кемшіліктерінің орнын толтыруға ұмтылатын олар өмірдің түрлі саласында: қоғамдық және шығармашылық өмірде, спортта және медицинада өздерін жұртқа көрсетіп, жетістікке жетуге ұмтылып келеді. Олар кәсіби уқалаушылар, кәсіпкерлер, мүгедектер жарысына қатысушылар, музыкалық жетекшілер және әншілер – еңбек ете білетін, қоғам мен отбасына пайда әкеле білетін жігері жасымаған, қайтпас қайсар жандар. Олардың көздері көрмейді немесе өте нашар көреді, алайда көкіректері ояу, жүректері шығармашылық қарым-қатынасты, қоршаған ортаның сұлулығын қалап тұрады.
 

Шараның қаһармандарымен танысу және қолдау көрсету үшін олардың туғандары, достары, Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері мен қатысушылары, Мәдениет басқармасының мәдени ұйымдармен байланыс бөлімінің жетекшісі И.В.Шевко келді. Чел.МУ ҚФ студенттері мен оқытушысы Б.О.Бекетова және «Мирас» МҮ музыкалық жетекшілері Л.Таңатова мен Е.Жазықпаев өздерінің музыкалық нөмірлерін тарту етті. Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжінің ерікті студенттері шара қонақтарн қарсы алуға көмектесті. Шараға әдеттегідей «Айшатыр» СҮ директоры А.Т.Есенгелдиев демеушілік жасады.



Мұндай шара жұртқа зағип жандардың кім екендігі туралы, оларға ақ таяқтың не үшін қажет екендігі және оларға қалай көмек көрсетуге болатыны туралы әңгімелейді. Шара соңында студенттер үшін практикалық тренинг өткізілді, олардың көздері байланып, қолдарына таяқ ұстатылды және белгілі бір қашықтықты жүріп өту ұсынылды. Тек бір сәтке болса да қап-қараңғы тұңғиыққа енген адам ғана көру қабілетінен айырылған жандарды сәл де болса түсінері анық.
 
Н.Н. Рақымжанова,
«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар
көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ
аға кітапханашысы