Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

ҚАРТТАР КҮНІ: арнайы кітапхана қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтады

Бүгін, 2019 жылдың 1 қазаны – Қарттар күні Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлері мәдениет саласының ардагерлерін құттықтады және жастардың жұмысында қолдануға жарап жатқан аға буын өкілдерінің жинаған тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді. 

Арнайы кітапхананың бұрынғы қызметкерлеріне құрмет көрсету ізгі дәстүрге айналған. Түрлі жағдайларға байланысты күтілген қонақтардың көпшілігі бүгінгі кездесуге келе алмады, шараға келген жалғыз ардагер 2011 және 2017 жылдар аралығында кітапхананың директоры болып жұмыс істеген Дәрменова Мария Әмірғалиқызы болды.




Жас әріптестері ардагерге өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыстарын білдірді және зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
 
«Бүгін сіздерге – баға жетпес кәсіби тәжірибелеріңіз кітапхана дамуының негізі болып табылатын өз ісінің шынайы шеберлеріне шын жүректен алғыс айтқымыз келеді»,-деді өзінің құттықтау сөзінде кітапхананың қазіргі басшысы Мұратбекова Кенжегүл Санаққызы.


 
Өздерін өзгенің бағалауы және ұмытпауы қарттар үшін  маңызды болып табылады және бұл күнгі құттықтаулар олардың көңілдерінің көтеріңкі болуларына ерекше әсер етеді.