Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

№19 ОМ түзету сыныбына арналған «Төзімділік тұрағы» ақпараттық сағаты

Күз мезгілі Халықаралық отбасы күні, Қарттар күні, Үміт пен сенім күні, Халықаралық соқырлар күні, Дүниежүзілік қайырымдылық күні секілді мейірімді және қажетті мерекелерге бай. Бұл мерекелердің барлығын бір ұғым – төзімділік біріктіреді.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы №19 ОМ түзету сыныбының оқушылары үшін «Төзімділік тұрағы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды және өткізді. Шараның мақсаты төзімді адамның қасиетін анықтау және мейірімді болуды, басқа адамдарға төзімділікпен қарай білуді тәрбиелеуге көмектесу болды.


Арнайы кітапхананың қызметкерлері Ольга Чепак пен Бақытжамал Әбжанова балаларға «толеранттық» сөзінің мағынасы туралы және оған басқа тілдерден (ағылшын, француз, араб, парсы) аударғанда қандай анықтама берілетіні туралы айтып берді. «Мәнін білген маңызды» бөлімінде балалар әлемдік діндерден алынған пікірлерді түсінуге тырысты және бұл пікірлерді өз сөздерімен жеткізді, төзімді адамға тән қасиеттерді талқылады және бұл ұғымдарды өзіне, өзінің отбасына, мектебі мен еліне қатысты қолданып көрді. «Төзімділер тіреу бола біледі» ойынында қатысушыларға өзінің жолдасына ол туралы қандай да бір жақсы сөздер жазу ұсынылды.   Балалар өздеріне деген күдік ұялаған кезде жолдасының жазғанын оқып, еңсесін көтеру үшін бір-біріне жазған мақтауларымен алмасты. Шара соңында кітапханашылар тұрған жерімізде «Төзімділік ағашын» өсіру ұсынылды. Ол үшін оқушылар ағаштың түбіне «Төзімділік тұрағы» тақырыбына жапырақтарға жазылған өздерінің пікірлерін қалдырды.
 

Біз бұл кездесу барлық қатысушылардың адамдардың бір-біріне деген құрметі, өзара түсіністігі, шыдамдылығы ғана, тең құқықтықты іс жүзінде сақтау ғана әлемді құтқаратынын түсінуге көмектесті деп үміттенеміз. Біз бір сәтте өзіміздің де, өзгелердің де тәртібін төзімді қыла алмайтынымыз анық. Алайда бұл бағыттағы алғашқы қадамның өзі маңызды екендігіне ешкім дау айтпасы анық.
 
О.В. Чепак,
 «Қостанай облыстық көзі көрмейтін 
және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы 
кітапханасы» КММ библиографы