Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Сазгердің сұлу саздары»

16 қыркүйекте №1 музыка мектебінде қаланың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтары үшін экскурсия өтті. Шараны Қостанай облыстық арнайы кітапханасы ұйымдастырды. Музыка мектебіне балаларымен бірге он жеті зағип жан келді. Қонақтар үшін мектептің басшылығы экскурсия өткізді. Мектеп директоры Кучикова Гүлнар Бряновна ғимараттың тарихына шағын шолу жасап, сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ балаларды мұндай мектептерге орналастыру үшін не істеу керек екендігін түсіндірді.
 

Кейінірек мектептің түлегі Қалиева Жазира өзінің қонақтарына Мұғалімдер күніне арналған есеп беру концертін көрсетті. Жазира музыкалық білімін Нұр-Сұлтан қ. жалғастырды. Онымен бірге курстастары сахнада өз өнерлерін көрсетті: ән айтып, гитарада шығармалар орындады.
 

Шараның қорытындысы бойынша үлкендер де, балалар да кездесудің көңілдерінен шыққанын жеткізіп, ұйымдастырушыларға өткізілген экскурсия мен тамаша концерттік бағдарлама үшін алғыстарын білдірді.