Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Оқитын отбасы

Бүгін, 11 қыркүйекте Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Оқитын отбасы» байқауын ұйымдастырды және өткізді. Үздік атағына ие болғысы келген 4 отбасы байқауға қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысушылар мен шараның қонақтары «Мирас» МҮ жайлы залына жиналды. Шараға Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің студенттері – болашақ әлеуметтік қызметкерлер шақырылды. Байқау екінші рет өткізілді. Оның міндеті бұрынғысынша жекелеген кітап оқитын отбасыларды ынталандыру және отбасылық оқуды, әсіресе көруі кем кісілердің кітап оқуын ұйымдастырудағы кітапханалардың жұмысын насихаттау болып қала бермек. Отбасылық жарысқа қостанайлықтар ғана емес, рудныйлықтардың да қатысқанын айта кеткен жөн.
 

«Отбасының визиттік карточкасы» деп аталған үй тапсырмасында кітап оқитын отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері мен әуестіктері туралы, сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы айтып берді. Ұйымдастырушылар олар үшін «Байқаудың ұраны», «Менің кітапханам», «Есімде жүрген оқиғалар», «Поэтикалық жолдар», «Мен олардың есімін білемін» және «Мақалдар мен мәтелдер байқауы» секілді байқау тапсырмаларын дайындады. Қатысушылар байқаудың барлық кезеңінен шапшаң және шығармашылық шабытпен өте білді. Бала кездерінде оқыған кітаптары мен ертегілерін естеріне түсірді, қазақстандық жазушылар жайындағы білімдерін толықтырды, отбасы мен кітап оқу жайындағы мақалдар мен мәтелдерді жадында жаңғыртты. Қазылар алқасы жарыстың қорытындысын шығарып жатқанда байқаудың кішкентай қатысушысы Эмир Конев (4 жас) жиналғандарға өлең оқып берді. «Мирас» МҮ әртістері шараны тамаша музыкалық нөмірлерімен безендірді.
 

Байқаудың жеңімпаздары грамоталар мен «Айшатыр» СҮ директоры Есенгелдинов Айтжан Тайгенұлы ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.
 

Шара соңында кітапхана басшысы Мұратбекова Кенжегүл Санаққызы байқаудың шараға қатысқандардың барлығын үлкен, берекелі, шығармашыл, кітап оқитын отбасы ретінде біріктіре алғандығын атап өтті.


Байқауға деген қызығушылық жыл өткен сайын арта түседі деп үміттенеміз.