Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Қателесуге жол жоқ»

7 тамызда Халықаралық көз дәрігерлері күні қарсаңында кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандары үшін Қостанай облыстық көз аурулары ауруханасының дәрігері Жадыра Дүйсенбекқызы Досановамен кездесу ұйымдастырылды. Баяндамасының басында дәрігер көздің жағдайын бақылап отырудың және маманға тұрақты қаралып отырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін ол жаңа технологиялар туралы, жоғары технологиялы емдеулерге берілетін жеңілдіктер мен квоталар жайында, Алматы мен Ресейдің көз аурулары клиникаларында емделуге қалай баруға болатыны туралы айтып берді және оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.


Ауырмай тұрып-ақ аурудың алдын алу мақсатында дәрігерге тұрақты қаралып тұруға кеңес берді.


Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері Жадыра Дүйсенбекқызына кездесуге келгені және жұмысының көптігіне қарамастан оқырмандармен өткізілетін осындай кездесулерге уақыт таба білетін  мейірімділігі үшін алғыс білдірді.


Осы күнге арналып кітапханада «Қателесуге жол жоқ» атты кітап көрмесі безендірілді. Оған қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдар өз денсаулығына бейжай қарамайтындар үшін пайдалы болмақ.
 
Көрмеге түрлі пішіндегі 36 дана кітап қойылды.