Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Домбыра – аңызға айналған аспап»

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жаряиланды. Жаңа мереке қоғамды ұлттық мәдениет пен ерекшелікті сақтау және жаңғырту идеясының шеңберінде одан ары біріктіру мақсатында бекітілді.

2019 жылдың 2 шілдесінде Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналға арнайы кітапханасы І.Омаров ат. қазақ театрының кіші залында Ұлттық домбыра күнін атап өтуге арналған іс-шаралар аясында «Жұлдыз» домбыра студиясының қатысушыларымен кездесу өткізді.
 
Қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырзалиев кезінде домбыраны қазақтың мінезімен салыстыра отырып «Қазақ пен домбыра үндес, екеуінің мұңы да ортақ, тілі де ортақ. Сондықтан да олар бірін-бірі жақсы түсінеді, қоршаған ортаны бірдей қабылдайды»,-деп дәл және керемет сипаттаған болатын.
 

Арнайы кітапхананың қызметкерлері Ольга Чепак пен Нұргүл Нұрғазина тыңдаушыларға жас мерекенің идеясы туралы айтып беріп, музыкалық аспаптың тастағы алғашқы суреттері табылған тарихтың тереңіне, сонау неолит дәуіріне саяхат жасады. Шараға қатысушылар домбыраның неден жасалатынын, батыс домбырасының шығыс домбырасынан несімен ерекшеленетінін білді. Жүргізушілер музыкалық аспаптың ең маңызды жетістіктеріне – 2010 жылы домбыраның Гиннестің рекордтар кітабына енгеніне, ЮНЕСКО-ның домбыраның тарихи құндылығын мойындағанына және 2014 жылы ұйымның қазақтың күйін, домбырасын және киіз үйін мұралар тізіміне енгізгеніне ерекше тоқталып өтті.

Қызықты деректер, домбыраның жүректі тербер үні шара барысында бір арнаға тоғысты. Төгілген күй, музыканттардың орындаушылық шеберліктері мен күмбірлеген күй залдың ішін кернеп кетті.
 

Шара барысында алдағы мерекенің тақырыбын ашатын кітап көрмесі безендірілді. Тыңдаушылар оқып қана қоймай тыңдауға да болатын әдеттен тыс басылымдармен танысты. Көрмеге қойылған «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» және «Даналық әліппесі» секілді жинақтар кездесуге келгендердің барлығының шынайы қызығушылығын тудырды.
 

«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналға арнайы кітапханасы» КММ басшысының м.а. Кенжегүл Мұратбекова шараға қатысқан тыңдаушылар мен «Жұлдыз» домбыра ансамбліне алғысын білдіріп, Ұлттық домбыра күнінің халықтың тарихында, ел тарихында өзінің лайықты орнын алатынын және осы бір ерекше күннің одан арғы тағдыры біздің қолымызда екендігін атап өтті.
 


Шара әдеттегідей кездесудің қонақтарымен және қатысушыларымен бірге ұжымдық суретке түсумен аяқталды.
 
О. В. Чепак,
«Қостанай  облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін
азаматтарға арналға арнайы кітапханасы» КММ библиографы