Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Мен әлемді бейнелеймін»

2019 жылдың 03-і маусымында Қазақ соқырлар қоғамында «Мен әлемді бейнелеймін» тақырыбымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған асфальтқа сурет салудан балалар байқауы өтті.
 

1949 жылдан бері жер бетінде Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіліп келеді. ҚСҚ бастауыш ұйымының ауласында өткен балалардың «Мен әлемді бейнелеймін» байқауы осы мерекеге арналды. Байқауды арнайы кітапхананың қызметкерлері мен ҚСҚ төрағасы Х.С.Исмұратовтың жетекшілік етуімен ұйымның белсенділері ұйымдастырды, ал байқаудың қатысушылары зағип жандардың балалары мен кітапхана қызметкерлерінің балалары болды. Түрлі түсті бормен әдемі үйлерді, шапшаң машиналарды, мейірімі мысықтарды, түрлі гүлдерді, жарқыраған күн мен өздерін бейнелеген жас суретшілер бар өнерлерін көрсетуге тырысып бақты. Жасырылған жұмбақтарды қызығушылықпен шешті, байқаудың түрлі тапсырмаларынан өте білді, Верониканың би флешмобына қатысты, сондай-ақ сиқыршы-бетті әрлеуші Гауһар Қадырбаеваның (А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 1 курс студенті) қармағына түсті. Аталған шараға қайырымдылық негізінде қатысқан Гауһар сыйлық ретінде балалардың бетіне ертегілердің бейнелерін салды.
 

Бұдан кейін барлық қатысушыларды құттықтаған ҚСҚ төрағасы Х.С.Исмұратов балаларға сыйлықтар таратты, өз кезегінде Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының директоры К.С.Мұратбекова Қадырбаева Гауһарға алғыс хат тапсырды.
 

Байқау ұжымдық суретке түсумен, алғыс айтумен аяқталды, ал балалардың жүзінен бұл күнге деген ризашылық байқалды.



Балаларды қорғау күні – бұл көңіл көтеру мерекесі ғана емес, бұл әрбір үлкен адамның ең нәзік тіршілік иесінің – балалардың маңыздылығы және оларға қолдау көрсетудің қажеттігі туралы ойландыратын да мереке.