Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Тақсыз тақсыр»

Үстіміздегі жылдың 12 наурызында Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ҚСҚ бастауыш ұйымымен бірге Халықаралық әйелдер күніне арналған «Тақсыз тақсыр» шарасын өткізді.
 


Дастарқан басында түрлі тәттілермен шай ішіп отырып ҚСҚ белсенді мүшелері өздеріне арналған мерекелік құттықтауларды, бұл мерекенің пайда болу тарихын, әншілердің – ҚСҚ жігіттерінің өнер көрсетуін тыңдады, өткізілген викториналар мен байқауларға қатысты. Шара барысында әйелдер мен көктемге арналған өлеңдер оқылып, күлкілі оқиғалар айтылды, қатысушылар ән салды, тіпті кейбіреулері ортаға шығып билеп те алды.
 

Шара өте жақсы өтті. Барлығы өздерін үйлерінде отырғандай көңілді және еркін ұстады.