Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Алғыс ағайын таңдамайды

Қазақстандықтардың жаңа мерекесі – Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап мерекеленеді. 1 наурыз халықтың басына түскен ауыр кезеңді: аштық пен саяси қуғын-сүргін кезін еске салады. Мерекенің басты мақсаты – қиындықты жеңуге көмектескендерге алғыс білдіру.

2019 жылдың 28 ақпанында Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамының бастауыш ұйымында «Алғыс ағайын таңдамайды» шарасын өткізді.

Кездесудің бірінші бөлімі мерекенің пайда болуы тарихына және халықтардың Қазақстанға жер аударылу тарихына арналды. Екінші бөлім қазақтармен қатар орыстардың, немістердің және басқа да көптеген ұлт өкілдерінің достықта және келісімде өмір сүріп жатқан қазіргі Қазақстан жайында болды. Жиналғандарды шақырылған қонақтар құттықтады.
 

– Алғыс айту күнін мерекелеу біздер үшін, қазақстандықтар үшін халқымыздың бірлігін көрсететін тағы бір фактор болды, - дейді «Дуслык» татар-башқұрт бірлестігінің өкілі Хасанов Рим Закеевич. – Сол кездегі жағдайға байланысты Қазақстанның барлық аумағы ГУЛАГ-тың бөлімшелеріне айналды. Осы жерге мың жарымнан астам адам жер аударылды. Қазақ халқы сол адамдармен барымен бөлісті, қамқорлық жасады. Осы жақсылығы үшін біз қазір қазақ халқына алғысымызды айтамыз.

Өз кезегінде Сиит Сария Салиховна ЭМБ Қостанай қ. өткізетін мерекелері туралы айтып беріп, туған тілінде ән салды.

  
 
Шараның үшінші бөлімінде ҚСҚ белсенді мүшелері өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Жандарбеков Байқоңыр «Атамекен», «Саламалейкум, Казахстан!» патриоттық әндерін орындаса, Аббасова Тунзалла әзірбайжан тілінде «Родительский дом» өлеңін оқыды, Масолова Елена украин тілінде жұмбақ жасырса, Дабылова Ақбике мен Исмадиярова Гүлқайша мемлекеттік тілде өлең оқыды, Келденов Әли өзі шығарған өлеңін оқыды, Лена және Дарья Бессмертнаялар отбасы «Доброта», «Не запрещай себе мечтать» өлеңдерін оқыса, Квитка Ольга украин әнінің жігері мен сұлулығын көрсетті.
 

Концерттік бағдарламадан тыс арнайы кітапхананың қызметкерлері шараға қатысушылар үшін арнайы кітапхананың оқырмандарына түсінікті нысанда жас мерекенің тақырыбын ашатын кітаптар мен мақалалар қойылған «Алғыс айту күні – бірлік мерекесі» кітап көрмесіне шолу дайындады.

Шара ұжымдық суретке түсумен және жаңа оқырмандарды тіркеумен аяқталды.