Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Назар аударыңыз, соқыр жаяу жүргінші!»

Үстіміздегі жылдың 16 қазанында Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы  «Назар аударыңыз, соқыр жаяу жүргінші!» атты алдын алу шарасын өткізді.   Шараның басты қонақтарының бірі ретінде зағип жандардың жолдағы қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп отырған Қостанай облысы ІІД ЖПҚ  өкілдері қатысты.
 

Жыл сайын 15 қазанда аталып өтілетін Үміт пен сенім апталығында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға ерекше көңіл бөлу әдетке айналған.  Мүмкіндігі шектеулі жандардың далада, әсіресе жүргіншілері көп қала көшелерінде жүріп-тұруы едәуір қиындық тудырады. Акция алдында Соқырлар қоғамының бастауыш ұйымының ғимаратында Қостанай қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Магасумова Елена Ильдусовна нашар көретін азаматтарға түсінік беру жұмысын жүргізіп, олардың жолда жүру қауіпсіздігіне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.  
 

Инспектордың жиналғандарға таратып берген және киімдеріне жапсырып алуға кеңес берген жарықты қайтаратын элементтер туралы ақпараты ерекше қызығушылық тудырды.

Жүргізушілердің бекітілген тәртіпті қаншалықты орындайтынын тексеру үшін және оларға «ақ таяқтың» артықшылықтарын естеріне салу үшін  инспектор осы күні  көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың жолдан өтулеріне көмектесті. Шараға Челябі мемлекеттік университеті мен Қостанай гуманитарлық колледжі студенттері ішінен еріктілер тартылды. Жол үстіндегі шынайы жағдайда жастар жүргізушілерге «ақ таяқпен» белгі беретін соқыр жүргіншілерге жол беруді міндеттейтін ережелері бар жаднамаларды тапсырды.

 

Шара соңында барлық кездесуге келгендер мұндай шараның әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығын және қажеттілігін атап өтісті. Олар осыдан кейін жолдағы қауіптің азая түсетініне сенім білдірісті.