Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» этнофестивалі аясындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2018 ж. 3-5 тамызы аралығында С. Торайғыров ат. Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ұлы дала» халықаралық этно-фестивалі аясында «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференция жақын және алыс шетел жұртының өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Ол ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу саласындағы қауымының елеулі қызығушылығын тудырды және көптеген шетелдік қауымдастықтың назарын аударды.

 


Шараға ТМД елдерінен, Үндістаннан және басқа елдерден келген өкілдер қатысты. Қазақстанның барлық негізгі облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары, ТМД елдерінің ұлттық кітапханалары өздерінің делегаттарын жіберді. Конференцияның жұмысына қатысуы үшін Ресейдің шекаралас қалалары өздерінің көптеген делегациясын жіберді.

Конференцияның ашылуы сәтінде оның қатысушыларын Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұ.О. Есдәулет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Г.С. Мельдешов құттықтап, АҚШ, Ресей, Украина ғалымдарының бейнеқұттықтаулары көрсетілді.

 


Конференцияның пленарлық отырысы кезінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» директоры, ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов ат. шығыстану институты жанындағы Республикалық тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры, «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» Түмен өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы баяндама жасады.

Конференцияның жұмысына түрлі елдерден келген 500 астам өкіл қатысты.


 


С. Торайғыров ат. облыстық кітапханада «Сұлтанмахмұт мұрасы - егемен елдіктің рухы» секциясының отырысы өтті. Секцияның жұмысына Ұлттық академиялық кітапхананың (Астана қ.), Республикалық зағиптар мен нашар көретін азаматтар кітапханасының (Алматы қ.), Қостанай қ. облыстық кітапханаларының өкілдері және т.б. қатысты. Шараға қатысушыларды Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы директорының м.а. К.С. Мұратбекова құттықтады. Өз құттықтауында ол конференцияға қатысудың біздің кітапханамыз үшін елеулі жетістік екендігін, себебі оның біздің әріптестерімізбен пікір алмасуымызға, өзімізді басқалармен салыстыруға мүмкіндік беретінін, кітапхананы дамытуға жағдай жасайтын көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді білуімізге, сондай-ақ өзімізді көрсете алуымызға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 


Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан гала-концертпен аяқталған «Ұлы Дала» этно-фестивалі оның қатысушылары үшін нағыз мереке болды.