Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Индустриялық-педагогикалық колледждің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының біліктілікті көтеру курсының тыңдаушыларына арналған Ашық есік күні

2018 жылдың 10 сәуірінде «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына» Индустриялық-педагогикалық колледждің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының біліктілікті көтеру курсының тыңдаушылары келді.
 

Кітапханаға келудің мақсаты – облысымыздың әр түпкірінен келген әлеуметтік жұмысшылардың назарын зағип жандардың басында болатын қиындықтарға аудару. Кездесу кітапхананың жұмысымен, оның көрсететін қызметімен, міндеттерімен және жобаларымен танысудан басталды. Ашық есік күніне арнап кітапханашылар 4 бөлімнен: «Магия шеститочия», «Берегите зрение», «Книга, несущая свет» және «Наши издания» тұратын көрме дайындады. Одан кейін кітапхана қызметкерлері көзі нашар көретін азаматтарға қызмет көрсетуге көмектесетін арнайы тифлотехника жабдығын, аудиокітаптар қоры мен Брайль қарпімен шыққан кітаптарды, БНҚ өздері шығарған басылымдарды, тифлокешенді және Даналық әліппесін, сондай-ақ қолдан жасалған тактильді басылымдар коллекциясын көрсетті.
 

Тыңдаушылар көңіл толқытар сұрақтар қойып, өткізген экскурсия үшін алғыстарын білдірді. Әсіресе келушілерді тифлотехника – баспа машинасы, Брайль принтері, оқи алатын «книголюб» машинасы ерекше қызықтырды. Себебі мұндай жабдықтардың кез келген кітапханадан кездесе бермейтіні анық.