Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытына 130 жыл

2018 жылдың 08 қаңтарында Қостанай жылқы зауытының құрылғанына 130 жыл толды. Жылқы зауыты – өңіріміздің ерекше мақтанышы. Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы да бұл айтулы оқиғаны айналып өте алмады. Сол себепті ҚСҚ қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Танымал тұлғалармен кездесу» циклі аясында «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры Шалғымбеков Аязбек Батырханұлымен кездесу өткізді.
 

«Қостанай атқорасының» тарихы патшаның Қостанайда зауыттық атқора ашу туралы 1888 жылдың 01 қаңтарындағы жарлығымен басталды.
 

Бұл қазақтың жергілікті ұсақ және күші аз жылқысын ірі айғырлармен шағылыстыру арқылы атты әскерге салт мінетін және жүк тартатын жылқы дайындау мақсатында қолға алынды. Сұрыптау-тұқым шығару жұмысы 1951 жылы сол кездегі атауы бойынша №48 жылқы зауытында жылқының Қостанай тұқымын шығарумен аяқталды.
 

Қазіргі кезде қостанайлық жылқылар республикалық, сондай-ақ халықаралық түрлі жарыстар мен көрмелерде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ал 2005 жылдан бастап «Қазақ тұлпарында» генетикалық сараптау зертханасы құрылды. Қостанайлық жылқылар атты полицияда, әр түрлі қалалық және облыстық іс-шараларда пайдаланылады. Биылдан бастап «Қазақ тұлпары» ЖШС балалар спорт мектебін ашуды жоспарлап отыр. Бұл жылқы зауытының ұжымында өз ісіне шын берілген адамдардың еңбек ететінінің тағы бір дәлелі болып табылады.  
 

Аталған кездесуге арнап кітапханашылар «Атқора – ғибадатхана, ал ондағы жылқы – тәңірі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған жылқылар туралы дискілер мен кассеталарға түсірілген шығармалар, сондай-ақ дәстүрлі нысандағы ақпараттар қойылды. Кездесудің тақырыбы оған қатысқандар үшін өте қызықты болды, олар түрлі сұрақтар қойып, Қостанай жылқы зауытының құрылу және даму тарихына қатысты өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Өз кезегінде директор шараға қатысушылардың барлығын жылдың жылы кезінде зауытқа келіп, қазіргі кездегі және келешектегі чемпиондармен танысуға шақырды.