Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ жастарымен кездесу

Облыстық арнайы кітапхана өздерінің шығармашылығымен тағы бір рет қуанту үшін, өздерінің халқы туралы және салт-дәстүрлері туралы айтып беруі үшін кезекті рет «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдерін «Қостанай мүгедектерді оңалту орталығының» пациенттерімен кездесуге шақырды.

Себебі башқұрт және татар халықтары рухани тұрғыдан қазақ халқына өте жақын екендігі белгілі, ал түбі бір түркі жұрты бір-бірін жақын тартып тұрады. Дәстүрлер мен мәдениеттердің араласып кетуі таңданыс тудырмай қоймайды.

 

Жастар бірлестігі белсенділерінің арасында келісімде өмір сүрудің және басқа халықтың тілін білудің қажеттігін жақсы түсінетін басқа ұлт жастарының өкілдері де аз емес.  Қойылым түрінде жүректі толғантар әндер орындалып, олар жеңіл де ырғақты бимен кезектесіп отырды.

Бұл жолғы кездесу татар халқының даңқты ұлы Ғабдолла Тоқай туралы деректі фильм қараумен аяқталды.

Шараға орайластырылып кітапханаға жаңадан түскен кітаптардың көрмесі безендірілді және ол оқырмандар тарапынан зор қызығушылық тудырды.