Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

Шыңғыс хан [23.07.2020]


Шыңғыс хан
 
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ жариялаған «Брайль жүйесі бойынша шығарылған үздік басылымдар» байқауының арқасында жарыққа шыққан кезекті басылымды ұсынады.

2020 жыл - Алтын Орданың 750 жылдығы. Көзі көрмейтін оқырмандар үшін қолжетімді нысанда жарыққа шыққан осы жинақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарында тамаша үйлесім тапты.

Мәтін үлкейтілген қаріппен, Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен басылған және дыбыстандырылған нысанда берілген. Мәтінді І. Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Төленді Әлқожа және телерадиожүргізушісі Евгений Сотников.

«Шыңғыс хан» - «Шығыстың атақты адамдары» сериясынан балалар мен ересектерге арналып шыққан кітап тарихи қайраткер және қолбасшы Шыңғыс хан туралы әңгімелейді. XIII ғасырдың басында ол «Алтын Орда» атты моңғол мемлекетін құрды. Шыңғыс хан жаулап алушы және қолбасшы ретінде әлем тарихында теңдесі жоқ тұлға болды.

«Шығыстың атақты адамдары» сериясы бойынша шыққан кітаптар оқырмандарды атқарған істері осы кезеңге дейін балалар көркем әдебиетінде лайықты берілмей келген адамдармен таныстырады.

Олар ірі тарихи оқиғаларды, тағдыршешті шайқастарды, мемлекетаралық қатынастарды, тарихи ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлардың және ғалымдардың қызметін қамтиды. Бұл сериядағы кітаптар өз Отанына деген мақтаныш пен отаншылдық сезімді дамытуға көмектеседі, ұлы бабаларымыздың істері туралы мәлімет береді.
 
Кіріспе
 

1 тарау - Есугей баһадүр
 

2 тарау - Тағдыр тәлкегі
 

3 тарау - Алғашқы жетістіктер
 

4 тарау - Кек пен сатқындық
 

5 тарау - Хан тағына отыру
 

6 тарау - Меркіттерден өш алу
 

7 тарау - Мемлекеттің күшеюі
 

8 тарау - Цзинь империясы
 

9 тарау - Алғашқы кездесу
 

10 тарау - Отырардың күйреуі
 

11 тарау - Хорезмге дейінгі қантөгіс жол
 

12 тарау - Ұрыстың сазды әуені
 

13 тарау - Өмір туралы толғаныс
 

14 тарау - Соңғы шайқас