Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Көзі көрмейтін және
нашар көретіндерге нұсқа
Версия для слабовидящих
Әдеттегі нұсқаВерсия для слабовидящих

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы [Акция, 2019]

 
Құрметті әріптестер!
 
«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ Қостанай облысының көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандарын республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға шақырады.

2019 жылы жалпы халықтық оқылатын кітаптардың бірі ретінде Әбділдә Тәжібаевтың поэзиялары таңдап алынды.

Әбділдә Тәжібаев – көп жылдар бойы поэзия, драматургия, әдебиеттану жанрларында жемісті еңбек етті. Өзінің шығармашылығымен ол қазақ әдебиетінің құрылуына белсенді қатысты, оның шығармашылығынан оның дамуы, жеңісі мен жеңілісі, көркеюі мен жаңаруы көрініс тапты. Тайыр Жароков, Қажым Жұмалиев, Жұмағали Сайын секілді біртуар әдебиет қайраткерлерінің замандасы.

Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығы біздің барлық әдебиетіміздің көрінісі іспетті. 30-шы жылдардың аяғында оның алғашқы шығармаларын оқып шыққан Мұхтар Әуезов жас ақынның көркемдік ерекшеліктерін атап өткен болатын. Расымен де сол кездің өзінде ақын өз өлеңдерінде шынайылықты сақтай алды және қазақ лирикасының үздік дәстүрлерін берік ұстана білді.

«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ барлық азаматтар үшін кітапхана сайтында қолжетімді болатын ақынның дыбыстандырылған өлеңдер жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

Сіздерді және сіздердің барлық жастағы оқырмандарыңызды Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқуға қатысуға шақырамыз. Өлеңдердің оқылуы жазылған аудио және бейнежазбалар тамыздың 15-не дейін қабылданады. Үздік жұмыстар дыбыстандырылған өлеңдер жинағына енгізілетін болады.

 
Сіздер белсенді қатысады деп үміттенеміз!

Қатысушылар:
 
КГУ «Областная универсальная научная библиотека № 2 в городе Аркалык»:

1) Тажибаев Абдильда - Великан
 
 

2) Тажибаев Абдильда - Қазақстан
 
 

3) Тажибаев Абдильда - Шабытым жайсын қанатын
 
 

ГУ «Централизованная библиотечная система отдела внутренней политики, культуры и развития языков акимата Алтынсаринского района»​:

1) Тажибаев Абдильда - Өмірімнің бір қызығы сағын үшін


 
ГУ «Денисовская централизованная библиотечная система отдела культуры и развития языков акимата Денисовского района»​:

1) Тажибаев Абдильда - Приди весна

 

КГУ «Житикаринская районная централизованная библиотечная система»:

1) Тажибаев Абдильда - Если нет своего скакуна



Филиал КГУ «Костанайская областная специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан» город Рудный​:

1) Тажибаев Абдильда - Дорогою жизни долго я шагал

 

ГУ «Централизованная информационно - библиотечная система Федоровского района»​:

1) Тажибаев Абдильда - Горечь